Kaz     Rus     
 
Жамбылская область Обращения к Акиму Жамбыдской области
 

Өініш жазу

Обратись напрямую
к Акиму Жамбылской области

Шаралар

Өтініштер қорытындысы бойынша
қолданылған шаралар туралы біл

Өтініштер

Список
опубликованных обращений

Статистика

Жобаның
статистикасымен таныс

Өтініштер



"Жасыл Меркі" ЖШС
15 Маусым 2016 Жыл · Блог авторы: Көкрекбаев К.Н. · 2029 көріп шығулар · пікір жазылған 1
Біз еңбек етіп жүрген серіктестікті 2012 жылғы сәуірде Меркі аудандық әкімдігі құрып,содан бері ауданды күл-қоқыстан тазартып, экологияны жақсартуға, санитарлық жағдайды сақтауға үлес қосып келеміз.Алайда соңғы кездері аудан әкімінің жаңа келген орынбасары Рүстем Қасымов өз өкілеттігін, лауазымын асыра пайдаланып, бізге шағын кәсәпкерлерге заңсыз тиісіп, қысым көрсетіп жатыр. Оның іс-әрекеттері шектен шыққан соң біз амалсыздан осы арызды жазуға мәжбүр болдық. Бізге әкімдік ешқашан бюджеттен қаржы Берген емес, әкімдікпен ешбір келісім жасалған жоқ, біз өзімізді өзіміз адал еңбегімізбен қаржыландырып, мемлекетке салық төлеп заңды жұмыс істеп жатырмыз. Соған қарамастан аудан әкімдігінің ЖКХ бөлімі басшысының у.м.а. А.Әсілбайұлы үнемі бізге заңсыз тапсырмалар беріп, орынсыз талаптар қойып отыр. Соңғы рет А.Әсілбайұлы біздің ЖШС-те 2014 жылы болған бағалау және жекешелендіруді тексереміз деген хат беріп, ешбір заңды құжаты жоқ болса да 15 маусымда тексеруге келді. Ал іс жүзінде ЖКХ бөлімінің біздің шағын кәсіпкерлік нысанды тексеруге ешбір заңды құқы жоқ, өйткені 2014 жылы "Жасыл Меркі" ЖШС-ті Меркі ауданы әкімдігінің өзі бағалап, жекешелендірген болатын, яғни ЖШС-тің 51 пайызын әкімдіктің өзі жеке меншікке электрондық аукцион арқылы сатып жіберген еді.Сондықтан аудан әкімдігінің бұл хаты бізді тікелей қорқыту, қысым жасау және осы арқылы рейдерлік жолмен ЖШС-ті тартып алу мақсатын көздеп отыр. Аудан әкімінің орынбасары Р.Қасымов біздің теңгерімдегі, біз 4 жыл бойы қызмет көрсетіп келген қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонды да кері қайтарып беруге мәжбүрледі. Тіпті биылғы жылғы 4 ай бойы біз ешбір жалақы алмай әкімдікке тегін жұмыс істедік. Меркі ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Қасымовтың осындай заңсыз іс-әрекеттері біздің ұжымда жұмыссыз қаламыз деген үрей, қорқыныш туғызып отыр, өйткені әрбіріміздің отбасымыз бізге қарап отыр. Ал бізге де оңай емес, біздің жұмысымыз таңғы сағат 5-те басталады, тек жексенбі күні демаламыз, еңбегіміз нормаланбаған, яғни өте ауыр, зиянды."Жасыл Меркі" ЖШС бізді 14 азаматты, яғни 14 отбасыны, бала-шағасын жұмыспен қамтып отыр. Ал Р.Қасымовпен оның бағынышты қызметкері А.Әсілбайұлы бізді, шағын кәсіпкерлерді қолдаудың, Елбасының тапсырмасын орындаудың орнына, жеке басының мүддесі үшін небір заңсыздықтарға барып, бізге қысым жасап, зорлық көрсетіп келеді.Біздің осы ұжымдық арызымызды арнайы комиссия мұқият тексеріп, тиісті шара қолдануын, өз бетімен кеткен лауазымды тұлға Р.Қасымовқа тиісті тәртіптік жаза беруді, ауылдағы шағын кәсіпкерлерді қорғауды, бізге қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұранамыз.Сізге деген зор үмітпен-"Жасыл Меркі" ЖШС жұмысшылары, Меркі тұрғындары.
CopyToBlog блогқа көшірмесін түсіру DiscussNews Жауаптар
Назад НАЗАД
Соңғы сұрақтар
Ержан
Сұрақ: Көкрекбаев К.Н.
Асалямалейкум, Карим Насбекович! Желаю Вам крепкого здоровья и успехов в карьере! Хочу подчеркнуть Ваш весомый вклад, внесенный в ...
Башарова Ляззат Тулебаена
Сұрақ: Көкрекбаев К.Н.
Я, индивидуальный предприниматель Башарова Л. Т., являясь розничным реализатором нефтепродуктов, вынуждена обратиться к Вам с просьбой, ...
"Жасыл Меркі" ЖШС
Сұрақ: Көкрекбаев К.Н.
Біз еңбек етіп жүрген серіктестікті 2012 жылғы сәуірде Меркі аудандық әкімдігі құрып,содан бері ауданды күл-қоқыстан тазартып, экологияны ...
Серик ЖИНАКБАЕВ
Сұрақ: Көкрекбаев К.Н.
Уважаемые Карим Насбекович, в продолжениие поднятого 26 апреля 2016 года Жексеновой Мейзхан, жительницой села Кордай вопороса, данным ...
Алиева Дина
Сұрақ: Көкрекбаев К.Н.
Уважаемый аким Жамбылской области хотим Вам пожаловаться тем что у нас в г Жанатасе в центре расположен большой магазин по имени ...
При использовании материалов с сайта обратная ссылка обязательна!
© - Жамбылский областной Акимат
Создано:
"5-th Element" Advertising agency